Әлем чемпиондары Қазақстанда бас қосты

Әлем чемпиондары Қазақстанда бас қосты

фото: pixabay.com

Қазақстанда дзюдодан алғашқы халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды. Оған 30 елден 700-ден астам спортшы қатысып жатыр. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына  сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл лагерь елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 5-15 тамыз аралығында жаттығулар Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында өтеді. 

Татамиге әлемнің үздік дзюдошылары — Олимпиада чемпиондары, жүлдегерлері және әлем чемпионаттарының жеңімпаздары шықты. 

Қатысушылар қатарында қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев, сондай-ақ Жапония, Грузия, Ресей, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің танымал спортшылары бар. 

Бұл оқу-жаттығу жиыны спортшылардың алдағы халықаралық жарыстарға дайындығын пысықтайтын маңызды алаңға айналады.
 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите