Балхан Альфия ҚАЗТЕСТ сертификаты арқылы балдарын конвертациялап, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия негізгі ҰБТ-да 140 балл жинады.
2026 жылғы 1 шілдеде Қызылорда қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында ол "Қазақ тілі – Қазақ әдебиеті" пәндер комбинациясы бойынша емтихан тапсырып, 138 балл алды. Кейін ҚАЗТЕСТ сертификаты арқылы "Қазақ тілі" пәні бойынша балдарын конвертациялап, жалпы нәтижесін 140 балға жеткізді.
"Мен 11-сыныптың алдында ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Менің арманым – педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу. Кішкентайымнан қазақ классикасын оқуға құмармын, ал менің сүйікті шығармам – Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романы. Әдебиетке деген сүйіспеншілігім мені ұстаз болуға және ана тілімізге деген құрмет пен сүйіспеншілікті жас ұрпақтың бойына сіңіруге жетеледі. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анама және ұстаздарыма алғысымды білдіремін", – деді Альфия.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир де 140 балл жинаған болатын. Негізгі ҰБТ-ның жеті аптасында 340 мыңға жуық рет тест тапсырылды. Шекті балды талапкерлердің 70%-ы жинаса, бес пән бойынша орташа көрсеткіш 66 балды құрады. Биыл негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін екі мүмкіндікті есепке алғанда 240 мыңға жуық талапкер 446 мыңнан астам өтініш берген. Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады.
Дерек көзі: https://inbusiness.kz