Ал электравтобустардың өндірісі 2027 жылы наурыз айында басталады
Келесі жылы Қазақстанда "Astana" атауымен отандық автобустар шығарылады. Бұл туралы "Astana Motors" компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді.
Үкіметтің бүгінгі отырысында отандық автобустардың сыртқы және ішкі көрінісі таныстырылды.
Смағұловтың айтуынша, дизель және газбен жүретін автобустар биыл қараша айында шығарылады. Ал электравтобустардың өндірісі келесі жылы басталады.
"Электравтобустарды шығару бойынша біздің әріптесіміз - BYD. Олардың жаңа баттареялары қолданылады. Ал электравтобустардың өндірісі 2027 жылы наурыз айында басталады", - деді Смағұлов.
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдың BYD көліктерінің зауытын Қазақстанда ашу қажеттігін ерекше айтты. Бүгінде бұл компания Өзбекстанда өз өндірісін ашқан.
Дерек көзі: https://sputnik.kz