Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылы инфляция деңгейін 10 пайыздан төмен ұстауды тапсырды.
— Күні кеше Парламент палаталарының қорытынды бірлескен отырысында Мемлекет басшысы барлық реформалардың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті. Биыл инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұру орнықты экономикалық өсімге жол ашатын маңызды фактор. Оған қол жеткізу үшін тиісті құралдар бар, — деді О. Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Үкімет басшысы бұл жұмыстар Ұлттық Банкпен үйлестіріле отырып, жүргізілуге тиіс екенін атап өтті.
— Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына Макроэкономикалық тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын, сондай-ақ инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы жүзеге асыруды қатаң бақылауға алуды тапсырамын, — деді Премьер-Министр.
Оның айтуынша, отандық өндіріске қолдау көрсету, нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, сақтау инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту шараларын, сондай-ақ баға саясатын реттеу және «Инвестицияларға тапсырыс беру» құралдарын толық іске асыруды жалғастыру қажет.
https://kaz.inform.kz/