Көшпенділер ойындарына дайындық

Көшпенділер ойындарына дайындық

фото: www.instagram.com

       Аттардың қауіпсіздігі басты назарда. Қазақстан көкпар федерациясы Дүниежүзідік көшпенділер ойындары алдында онға жуық елдің төрешілерін жинап, халықаралық семинар өткізді. Оның барысында, ұлттық спортымыздағы жаңа ережелермен таныстырды. Әсіресе аттың басынан ұруға және трос қамшы қолдануға болмайтынын ескертті. Бұл жағдайларда ойыншы алаңнан қуылады. Ал жылдамдықпен келе жатып аттың бүйірінен ұру, тіптен өрескел тәртіп бұзушылық болып саналады. Өйткені ол жерде көкпар аты да, көкпаршы да ауыр жарақат алуы мүмкін.

       Қазақстан көкпар федерациясы ойын барысындағы осы және өзге де келеңісіз жағдайларды ескеріп, соңғы жылдары тәртіпті кәдімгідей қатаңдатты. Тіпті атқа енгізілетін чиптен бастап, аяғына тағылатын тағаға дейін арнайы талаптар бар. Бертін келе жануар қауіпсіздігіне қатысты бастамаларды көрші қырғыз елі де негізге алып, өздерінің көкбөрі спортына енгізе бастады. 

       https://24.kz/kz/

 

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите