Бүгін, 14 шілдеде Франция мен Испания құрамалары арасында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық ойыны өтеді.
Ойын A&T стадионында (Арлингтон, Техас, АҚШ) өтеді. Кездесудің бас төрешісі - сальвадорлық төреші Иван Бартон.
Бүгін түнде футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық матчтары басталады. Алдымен Испания мен Франция құрамалары кездеседі. Екеуі бұған дейін 10 рет жолыққан. Оның алтауы испандардың пайдасына аяқталса, үшеуінде француздар басым түскен және 1 тең ойын тіркелген.
Испания мен Франция ойыны Астана уақытымен түнгі 00:00-де басталады. Ал Англия мен Аргентина құрамалары арасындағы ойын ертеңге жоспарланған, деп жазды 24 kz.