Астанада әуе таксиі аспанға көтерілді

Астанада әуе таксиі аспанға көтерілді

фото: https://egemen.kz

Астанада алғаш рет жолаушыларға арналған электрлі әуе таксиі таныстырылды. Ел аспанында алғаш рет электр қуатымен жұмыс істейтін  Evtol авиатаксиі 24 шақырымдық автономды ұшуын сәтті орындады. Бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған әуе көлігі 200 км/сағ жылдамдықпен ұшып, бір қуатпен 200 шақырымға дейін ұша алады. Жобаны  қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd және қытайлық AutoFlight компаниясы таныстырды. 2026 жылы Қазақстанда сынақ ұшулары мен қауіпсіздік тексерулері жалғасады.

Дерек көзі:https://adyrna.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите