Ақмола облысында күрделі жөндеуден өткен екі вокзал ашылды

Ақмола облысында күрделі жөндеуден өткен екі вокзал ашылды

фото: Көлік министрлігі

Вокзал маңындағы аумақ та абаттандырылып, жолаушылар перроны жаңартылды

Ақмола облысында күрделі жөндеуден кейін Аршалы және Сарыоба теміржол вокзалдары салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан көлік министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі вокзал да толығымен жаңартылды. Атап айтқанда, шатыр ауыстырылып, сыртқы және ішкі әрлеу жасалды.

Сонымен қатар су, кәріз, жылу және электрмен жабдықтау инженерлік желілері жаңғыртылды. Вокзал маңындағы аумақ та абаттандырылып, жолаушылар перроны жаңартылды. Жиһаздар мен құрал-жабдықтар да сатып алынды.

1945 жылы салынған Аршалы станциясы вокзалының аумағы жөндеуден кейін 150 шаршы метрден 225,33 шаршы метрге дейін кеңейсе, 1938 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Сарыоба вокзалының да аумағы 208,7 шаршы метрден 225,33 шаршы метрге дейін ұлғайды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите