Аптап ыстық

Аптап ыстық

фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/solidcolours

       Метеорологтар алдағы уақытта ауа температурасының  көтеріліп, күннін ысуы мүмкін екенін ескертеді. Біз ыстыққа қалай төтеп береміз  және өзімізді,  жақындарымызды ыстықтан қалай қорғаймыз?  Осы сұрақтар төңірегінде Ұлттық госпитальдің профилактика  және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің кәсіби патология дәрігері   Жібек Айтбаеваның кеңесін ұсынамыз.

       -Жыл сайын аптап ыстық мыңдаған адамның денсаулығына зиянын тигізеді. Ыстық  күн  қарт адамдарға, жас балаларға, артық салмағы бар немесе созылмалы аурумен ауыратын адамдарға ерекше қауіп төндіретіні  белгілі. Дене шынықтырумен айналысатындар немесе ашық ауада жұмыс істейтіндер, ауыр физикалық еңбекпен айналысатындар үшін де аса қауіпті.Өйткені қатты ыстықта инсульт, миокард инфарктісі және артериялық гипертензия сияқты аурулар  асқынады. Семіздікпен, өкпе ауруымен немесе қант диабетімен ауыратын адамдар аптап ыстыққа шыдауға тырысады.

       Қоршаған ортаның жоғары температурасы дененің физиологиялық процестеріне кері әсер етеді. Артық жылуды тарату және теріні салқындату үшін ішкі органдар кернеу астында жұмыс істеуге мәжбүр.  Жүрек , тыныс алу жиілейді  шамадан тыс  терлеу болады. Бұл процесс  пайдалы тұздар мен микроэлементтердің жоғалуын тудырады. Ал бұл бұлшықет әлсіздігіне, соның ішінде жүрек бұлшықетінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Біз шөлді жоғалтқан сұйықтықтың орынын  толтыру сигналы ретінде сезінеміз. Егер судың орыны толмаса   қан қоюлана бастайды және оның ұю үдеп, бұл қан ұйығыштарының пайда болу қаупін тудырады.

       Салқындату әрекеті кезінде дене қан ағынын қайта бөледі: қан тамырлары кеңейіп, қан аяқ-қолдарға қарай бағытталады, нәтижесінде аяқ пен қол ісінеді. Сонымен қатар, ыстық ауада оттегі аз болады, яғни дене аз мөлшерде қоректенеді.

       - Сондай-ақ  ыстық ауа-райы жүрек-тамыр жүйесіне жүктемені арттырады,  қан қысымы тұрақсыз болады. Қан қысымының кенеттен көтерілу немесе күрт құлдырау ықтималдығы  және бас айналу, естен тану, гипертониялық криздер және аса ауыр жүрек-қан тамырлары оқиғалары сияқты белгілер пайда болуы мүмкін.  Бұл әсіресе қалада ұйқының нашарлауына әкеледі.  Зейін, есте сақтау және логикалық ойлау сияқты когнитивтік функцияларға әсер етіп,  жиі бас аурады. Дені сау адам бұл физиологиялық ауытқуларға  төтеп бергенмен, ауыр асқынуларға тап болуы мүмкін.  Бұл созылмалы аурулары бар адамдар үшін өте қиын жағдай.

       Дәрігер ыстыққа төтепе беруге төмендегідей ұсыныстар айтады:

       - Көп мөлшерде таза су ішу және дұрыс тамақтану, бас пен денені күн сәулесінен қорғау, күннің қатты ыстық кезінде далаға шықпау, үйіңізді салқындату.

       Ылғалдандыруды сақтау:  шөлдегенше күтпей таза су немесе минералды суды аздап  жұтыа  ішіңіз. Суға жидектер, қияр, жалбыз немесе лимон қосуға болады. Су салқын немесе жылы болуы керек. Ыстық көк шай шөлді қандыру үшін пайдалы, өйткені ол терлеуге және терінің табиғи салқындату процесіне ықпал етеді. Ешбір жағдайда тоңазытқыштан мұздай су ішуге болмайды! Әсіресе ыстықтан кіргеннен кейін – мұздай суды тез ішу тамақ ауруын тудыруы мүмкін. Қантты газдалған , энергетикалық сусындар, қою  кофе және ішімдіктен бас тартыңыз!  Олар сусыздануды арттырады! Тәуліктік су мөлшері дене салмағының 1 кг үшін кемінде 30 мл болуы керек. Күннің ең ыстық уақытында үйде немесе көлеңкеде болуға тырысыңыз.

       Күн белсенділігі  жоғары болған кезде, таңғы 11:00 мен 16:00 аралығында  сақ болыңыз! Жаттығуларды, басқа да маңызды тапсырмаларды және дене жаттығуларын таңертең ерте немесе кешке, температура төмендеген кезде жоспарлаңыз.

       Табиғи, дем алатын маталардан (мақта немесе зығыр сияқты) тігілген ашық түсті, жеңі ұзын  кеудеше және ұзын шалбар  киіңіз. Ашық түстер күн сәулесінен қорғайды.  Көшеге шыққанда, әсіресе күн астында болу керек болса, бас киім киіңіз. Күннен қорғану  үшін ашық түсті қалпақ, бейсбол қалпақ немесе кең жиекті бас ким киіңіз. Көшеге шығудан 20 минут бұрын ашық теріге SPF крем жағып, күннен қорғайтын көзілдірік киіңіз. Сыртта жүргенде ішу немесе бетіңіз бен қолыңызды шаю үшін бөтелкемен су алып жүріңіз.

       -Импульс нүктелерін салқындатыңыз, егер қызып кеткенін сезсеңіз, бетіңізді салқын сумен жуыңыз.  Қол білезігі мен  аяқты салқын су ағынының астында бірнеше минут ұстаңыз. Суық суға малынған матамен  самайларыңызды, шынтақтарыңыздың ішкі жағы  және мойынның  екі жағын сүртіңіз. Күні бойы дымқыл шүберекпен мойын, бет, білек, қолдар мен тізелердің ішкі жағын сүртіңіз.  Күніне бірнеше рет жылы немесе салқын душ қабылдаңыз, бірақ суық емес!  Суық су қан тамырларының кенеттен тарылуына әкелеліп,    бас ауруын тудыруы мүмкін.Үйіңізді және жұмыс орыныңызды  салқындатыңыз.Үйіңізді  түнде немесе  таңертеңгі  салқын болғанда желдетіңіз. Терезелерді  қалың  немесе шағылыстыратын перделермен жабыңыз және оларды күні бойы жабық ұстаңыз. Кондиционерлерді абайлап пайдаланыңыз және бөлмені шамадан тыс салқындатпаңыз!  Аурып қалмау үшін құрылғы жұмыс істеп тұрғанда ауынын жоғарыға  бағыттаңыз.  Далада жүргенде дене температурасын төмендету үшін кондиционері бар орындарға (супермаркеттер, сауда орталықтары, дәріханалар) бірнеше минут болса да кіруге тырысыңыз. Ішкі ауаны ылғалдандыру үшін бөлмеге  суық су құйылған ашық ыдыстарды қойыңыз. Сіз оларды желдеткіштің жанында орналастырсаңыз ауаны салқындатуға және ылғалдандыруға көмектеседі. Жылу шығаратын пайдаланылмайтын электр құрылғыларын өшіріңіз. Пеште асты  аз пісіруге тырысыңыз, өйткені олар бөлмеде көп жылу шығарады.

       Ыстық ауа райында тамақтануға кеңес:

       -Ыстық ауа райында тәбеттің төмендеуі байқалады бұл дененің жоғары температураға табиғи реакциясы. Ағза барлық энергия мен ресурстарды жұмсайды.  Ыстық ауа-райында тағам өте тез бұзылады және  улануға себеп болуы мүмкін. Сондықтан тағамның сапасына мұқият назар аударып, жарамдылық мерзімін үнемі тексеріп, сақтау ережелерін назар аудару керек . Ыстық ауа райында тамақты аздап жеуге тырысыңыз. Оңай сіңетін тағамдарды тұтыныңыз және көкөністерді, жемістерді- жидектерді көбейтіңіз.  Ыстықта көкөніс сорпалары, майсыз сиыр немесе тауық етінен жасалған сорпалар, жеміс-жидек пен көкөніс коктейльдері және салқын *окрошка*  пайдалы. 

       Табиғи, майсыз ашытылған сүт өнімдері  айран, сүзбе, қымызды да қосуға болады. Ас қорытуды жеңілдету үшін өте майлы, ащы және қуырылған тағамдарды  шектеңіз.       

       Маңызды ескертулер!

       Балаларды тек күннің салқын уақытында ғана серуендеуге шығарыңыз. Оларды  тіпті бірнеше минут болса да жабық көлікте қалдырмаңыз!  Балалардың терморегуляциясы әлі жетілмеген сондықтан олар ыстықты көтере алмайды.  Нәрестенің арбасын жапқышпен немесе көрпемен тығыз жаппаңыз, себебі бұл ауа ағынын шектеп, терлетуі  мүмкін. Белсенді  қимыл қозғалыс кезінде шөлдемеу үшін  серуендеуге өзіңізбен бірге су алып барыңыз және балаңызға әр 15-20 минут сайын бірнеше жұтым сұйықтық беріп отырыңыз.  Қарт адамдар мен  мен созылмалы аурулары бар жақындарыңызды ұмытпаңыз!  Себебі олар ыстыққа  шыдай алмайды. Оларға жиі қоңырау шалып, жағдайын біліп отырыңыз. Олардың ыстықта далаға шығуына жол бермеңіз.  Қажетті  дәрі-дәрмектерді, тамақ пен суды апарып беріңіз  немесе жеткізу қызметін пайдаланғаныңыз жөн-дейді Жібек Айтжанқызы.

       Ұлттық госпитальдің журналисі Жазира Зәкірқызы.

 

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите