Халықтың банктерге берешегі 17 триллион теңгеге жеткен

Халықтың банктерге берешегі 17 триллион теңгеге жеткен

фото: pexels.com

Халықтың банктер алдындағы қарызы жыл сайын өсіп барады. Соңғы бес жылда күнделікті ұсақ-түйек шығынға алынған берешек 6 триллионнан 17 триллион теңгеге жеткен. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ал жыл басындағы есеп бойынша халықтың жалпы қарызы 27 трлн теңгеден асып отыр. Яғни әр азаматтың мойнында шамамен 4 несие бар. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі тұтынушы несиенің өсуі мен жалпы қарыз жүктемесінің артуын негізгі тәуекелдердің бірі ретінде бағалап, бұл бағытта арнайы шаралар әзірлеп жатыр. 

Енді банктер мен қаржы ұйымдары несие берер алдында қарыз алушыға шарттардың бәрін қарапайым түрде түсіндіретін арнайы жадынама ұсынуға міндеттелмек. 

Азамат Әмрин, Ұлттық экономика вице-министрі: — Ұсынылып отырған шара қатарында банктер мен микроқаржы ұйымдарында тұтынушы несиесі бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, тұтынушылық несиелер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті деңгейін есептеу әдістемесін қайта қарау, сондай-ақ қаржы қызметін көрсету кезінде адал емес тәжірибенің алдын алу талаптарын енгізу бар.
 

Подписаться