Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті

фото: https://pixabay.com/

Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту аясында медициналық қызметтердің қолжетімділігі кеңейіп келеді. 

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін әрі қарай дамыту әлеуметтік саясаттың басты жетістіктерінің бірі болып қала бермек.

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау жүйесін дәйекті түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінде қазақстандықтар мемлекет есебінен кең ауқымды медициналық көмектер: дәрігерлер кеңесі мен профилактикалық тексерулерден бастап, құны ондаған миллион теңгеге жететін жоғары технологиялы операцияларға дейін тегін алуда. Кардиохирургиялық операциялар, нейрохирургиялық араласулар, ағза трансплантациясы, онкологиялық ауруларды емдеу, сирек патологиясы бар науқастарға көмек және басқа да қымбат ем түрлері қаржыландырылады. Мемлекеттік қолдау болмаған жағдайда мұндай ем көптеген отбасылар үшін қолжетімсіз болар еді.

Онкологиялық тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді. Соның нәтижесінде шамамен 300 мың адам қосымша диагностикадан өту мүмкіндігін алды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде демографиялық көрсеткіштер тұрақты түрде жақсарып келеді. Өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, 75,97 жасты құрады. Қазақстан сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді азайту жөніндегі мақсатты көрсеткішіне мерзімінен бұрын қол жеткізді. Сонымен қатар профилактикалық медицина дамып келеді, скринингтік бағдарламалар кеңейтілуде, ерте диагностиканың жаңа әдістері енгізілуде және диспансерлік бақылау жүйесі жетілдірілуде.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Подписаться