Қазақстанда бидай импортына алты айға тыйым салынады

Қазақстанда бидай импортына алты айға тыйым салынады

фото: https://pixabay.com/

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шара отандық өндірушілерді қолдауға және өнімді тұрақты өткізуді қамтамасыз етеді деп санайды

Қазақстан үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль, су және теміржол көлігі арқылы бидай импортына алты ай мерзімге тыйым салуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында жарияланған.

Шешімді 5 маусымда Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

Құс және ұн тартатын кәсіпорындарға, лицензиясы бар элеваторларға және "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясына арналған темір жол арқылы бидай импортына ерекше жағдай жасалуы мүмкін.

"Құс және ұн тарту кәсіпорындары үшін әкелінген бидайды ішкі және сыртқы нарықта сатуға болмайды", - делінген құжатта.

Бұл тыйым Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдарға және ЕАЭО елдері арасындағы транзитке әсер етпейді.

Жоба 2026 жылдың 21 маусымына дейін талқылауда болады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите