Францияда аптап ыстықтан 1000-ға жуық адам көз жұмды

Францияда аптап ыстықтан 1000-ға жуық адам көз жұмды

фото: https://pixabay.com/

Бұл көрсеткіш әлі өседі деп болжанып отыр

Францияда өткен айлардағы көрсеткіштермен салыстырғанда аптап ыстық кезінде шамамен 1000-ға артық өлім тіркелді, деп хабарлады Reuters елдің ұлттық денсаулық сақтау агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың басым бөлігі - қарт адамдар. Қарттар үйлері мен жеке тұрғын үйлердегі өлім-жітімге қатысты қосымша ақпарат түскен кезде бұл көрсеткіш өседі деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Өсім соңғы бірнеше күнде ауа райының қызыл дабылы жарияланған аймақтарда тіркелді.

Басылымның хабарлауынша, маусым айының ортасында Еуропаны шарпыған аптап ыстық температура рекордын жаңартты. Бірқатар елде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді, ал кей жерде одан да асып түсті.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите