АҚШ Ормуз бұғазы арқылы 70 кеменің өтуіне құпия түрде көмектескен

АҚШ Ормуз бұғазы арқылы 70 кеменің өтуіне құпия түрде көмектескен

фото: https://pixabay.com/

Соңғы 21 күнде АҚШ әскери күштері Иран бақылауындағы Ормуз бұғазы арқылы шамамен 70 сауда кемесінің қауіпсіз өтуіне жасырын қолдау көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Басылымның мәліметінше, кемелердің көбі қозғалыс бағытын жасыру үшін орналасқан жерін көрсететін транспондерлерін сөндіріп отырған.

Алайда бұл көрсеткіш өңірдегі шиеленіс басталғанға дейінгі тасымал көлемімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Қақтығысқа дейін Ормуз бұғазы арқылы тәулігіне 100-ден астам сауда кемесі өтсе, қазіргі таңда бұл сан күніне шамамен үш кемеге дейін қысқарған.

Сарапшылар мұны аймақтағы қауіпсіздік тәуекелдерінің артуымен және халықаралық тасымалдаушылардың сақтық шараларын күшейтуімен байланыстырады.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Подписаться