Әлем чемпионатында ерекше назар аударуға тұрарлық 15 жас ойыншы

Әлем чемпионатында ерекше назар аударуға тұрарлық 15 жас ойыншы

фото: pixabay.com

2026 жылы АҚШ, Канада, Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионаты жаңа буын таланттарының жарқырауына мүмкіндік беретін басты алаңдардың біріне айналмақ.

Әлемдік додада көпшіліктің назары тәжірибелі жұлдыздарға ауатыны анық. Дегенмен, бүгінде клубтық және халықаралық деңгейде өз әлеуетін дәлелдеп үлгерген жас футболшылар да турнирдің басты жаңалықтарының біріне айналуы мүмкін. Осыған байланысты Kazinform агенттігі 2026 жылғы әлем чемпионатында ерекше назар аударуға тұрарлық 15 жас ойыншының тізімін ұсынады. 

Топ-15 молодых звёзд, за которыми стоит следить на чемпионате мира по футболу FIFA 2026

Фото: Kazinform

1. Ламин Ямаль (Испания)

«Барселонаның» жас вингері бүгінде Испания құрамасының ең қауіпті шабуылшыларының бірі. Жылдамдығы, техникасы және қауіпті сәттерді жоқ жерден жасай алатын қабілетімен ерекшеленетін Ямаль Еуро-2024-тегі жарқын ойынынан кейін әлем чемпионатының басты жұлдыздарының бірі болуға үміткер.

2. Арда Гюлер (Түркия)

Мадридтің «Реал» клубында өнер көрсететін Арда Гюлер түрік футболының ең үлкен үміті ретінде бағаланып жүр. Оның техникалық шеберлігі, алаңды көру қабілеті мен алыстан дәл соққы жасай алуы Еуропадағы ең перспективалы жас жартылай қорғаушылар қатарына қосып отыр.

3. Эндрик (Бразилия)

Бразилиялық шабуылшы әлем футболындағы ең талантты жас форвардтардың бірі ретінде танылып келеді. Жеке шеберлігі мен физикалық қуатының арқасында ол матч тағдырын жалғыз өзі өзгерте алатын ойыншылар санатына жатады. «Лиондағы» сәтті кезеңнен кейін Эндрик өз ойынын қайта қалыпқа келтіріп, ұлттық құрамадағы маңызды футболшылардың біріне айналды.

4. Уоррен Заир-Эмери (Франция)

ПСЖ мен Франция құрамасының намысын қорғап жүрген Заир-Эмери жастығына қарамастан үлкен тәжірибе жинақтады. Ол физикалық дайындығымен, әмбебаптығымен және тактикалық сауаттылығымен ерекшеленеді.

5. Александр Павлович (Германия)

«Бавария» ойыншысы Германия құрамасының орталық алаңындағы болашағы зор футболшылардың бірі саналады. Дәл пас беру, ойынды ұйымдастыра білуі және қорғаныстағы сенімділігі оның басты артықшылықтарының қатарында.

 Нидерланд құрамасының креативті ойыншысы ретінде танылған Симонс дриблингімен, дәл пастарымен және қарсылас қорғанысын бұза алатын қабілетімен ерекшеленеді.

6. Флориан Вирц (Германия)

Еуропаның үздік жас шабуылшы, жартылай қорғаушыларының бірі саналатын Вирц футбол интеллектісімен, шабуыл ұйымдастыру шеберлігімен және шешуші сәттерде гол соғу қабілетімен көзге түседі.

7. Джамал Мусиала (Германия)

«Бавария» жұлдызы өзінің ерекше дриблингі мен маневрлі ойыны арқылы әлемдегі ең қауіпті жас футболшылардың біріне айналды. Германия құрамасы да оның шабуылдағы мүмкіндіктеріне үлкен сенім артады.

 8. Педри (Испания)

«Барселона» жартылай қорғаушысы Испания құрамасы ойынының негізгі ұйымдастырушыларының бірі болып саналады. Оның футбол интеллектісі мен ойын қарқынын бақылаудағы шеберлігі мамандар тарапынан жоғары бағаланып келеді.

9. Гави (Испания)

Гави техникасы, еңбекқорлығы және жоғары ойын қарқынының арқасында Испания құрамасының негізгі футболшыларының біріне айналды. Ол халықаралық деңгейдегі маңызды турнирлерде де мол тәжірибе жинақтап үлгерді. 2026 жылғы әлем чемпионатында Гави Испания құрамасының жартылай қорғаныс шебінде маңызды рөл атқарады деп күтіледі.

10. Дезире Дуэ (Франция)

ПСЖ шабуылшысы қысқа уақыт ішінде Францияның ең жарқын жас таланттарының қатарына қосылды. Бірнеше позицияда ойнай алатын футболшы жекпе-жектегі сенімділігімен және гол соғу қабілетімен ерекшеленеді.

11. Жоау Невеш (Португалия)

Португалиялық жартылай қорғаушы тактикалық ойлау қабілетімен, дәл пастарымен және үлкен жұмыс көлемімен көзге түсіп келеді. Сарапшылар оны ұлттық құраманың маңызды ойыншыларының бірі ретінде бағалайды.

Айта кетейік, аталған футболшылардың басым бөлігі үшін 2026 жылғы әлем чемпионаты мансабындағы алғашқы дүниежүзілік дода болмақ. Дәл осы турнирде олардың бірқатары әлемдік футболдың жаңа супержұлдыздары ретінде толық таныла алады.

Подписаться