Алдағы жылдан бастап 3 млн теңге салықты кімдер төлейді?

Алдағы жылдан бастап 3 млн теңге салықты кімдер төлейді?

фото: pexels.com

Қазақстанда қымбат мүлігі барларға салынатын салық тәртібі өзгерді. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке тұлғалардың белгілі бір санаттағы мүлкіне салық салуға қатысты бірқатар нормалар енгізілді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Комитет өкілдері «сән-салтанат салығы» деген арнайы ұғым жоқ екенін жеткізді. Дегенмен қымбат мүлікке қолданылатын мөлшерлеме қайта қаралған. 

Енді бір азаматқа тиесілі жылжымайтын мүліктің жиынтық құны 450 миллион теңгеден асқан жағдайда, салық 2 пайыздық мөлшерлемемен есептеледі. Бұл ретте нарықтық баға емес, мемлекеттік органдар айқындайтын есептік құн негізге алынады. 

Мәселен, Астанадағы 100 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтердің есептік құны шамамен 15 миллион теңге, оған жылына 24 мың теңгедей салық салынады. Мамандардың айтуынша, мүлік құны артқан сайын төлем де өседі. 450 миллион теңгеге жеткен жағдайда салық шамамен 2 миллион 900 мың теңге болады. Ал одан асқан бөлікке қосымша 2 пайыз қолданылады. 

Жаңа нормалар биыл күшіне енеді. Ал алғашқы хабарламалар 2027 жылдың маусымында жіберіледі. Төлем мерзімі – 1 қазанға дейін.

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите