Бұл мәслеле Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен темиржол вокзалдарын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңесте талқыланды.
ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңес барысында өңірлердің жобаларды іске асыру барысы жөніндегі баяндамалары тыңдалды.
Қатысушылар құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы, нысандарды уақытылы пайдалануға беру және жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жобаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жұмыстарды уақтылы аяқтап, нысандарды пайдалануға беруді қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Барлық жобалардың іске асырылуы министрліктің тұрақты бақылауында.
Жиынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ, облыс әкімдіктерінің, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
https://kaz.inform.kz/