Маңғыстауда швейцариялық туристердің автоүйі аударылып қалды

Маңғыстауда швейцариялық туристердің автоүйі аударылып қалды

фото: https://pixabay.com/

Маңғыстау облысында швейцариялық туристер мінген автоүй аударылып қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға "Бейнеу – Ақтау" тасжолында болған.

"Швейцариядан келген саяхатшылардың автоүйі аударылып кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары шетелдік қонақтарға дереу көмекке келді", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Саяхатшыларды көліктен құтқарушылар алып шықты.

Екі турист қонақ үйге орналастырылған, полиция автоүйге қатысты жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться