Филиппинде салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлап, адамдар мерт болды

Филиппинде салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлап, адамдар мерт болды

фото: Pexels.com

Филиппиннің Анхелес қаласында құрылысы жүріп жатқан көпқабатты ғимарат құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ALJazeera-ға сілтеме жасап.

Қазіргі таңда үш адамның мерт болғаны белгілі, тағы 17 адам із-түзсіз кеткендер қатарында.

Филиппинде салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлап, адамдар мерт болды

Фото: ALJazeera

Құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Кез-келген уақытта ғимараттың қалған бөліктері құлауы мүмкін. Сол себепті мамандар жұмыстың көбін қолмен атқарып жатыр.

Тепловизорлардың көмегімен қирандылар астында адамдар жатқаны белгілі болды. Соған қарай іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Билік нысан иесін анықтап, апаттың шығу себептерін тексеруге кірісті. Ал құрылысшылардың туыстары жедел ақпарат беруді талап етіп отыр. Алайда құтқарушылардың қауіпсіздігіне төнген қатер іздеу жұмыстарын баяулатып отыр.

Ақпарат ҚазАқпарарт агенттігінен алынды. 

Подписаться