Азия чемпионаты: қазақстандық боксшы алтын медаль алды

Азия чемпионаты: қазақстандық боксшы алтын медаль алды

фото: instagram.com/officialasianboxing/kaz.tengrisport.kz

43 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын қазақстандық боксшы Бейбарыс Қойшыбай 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының алтын медалін иеленді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан порталы kaz.tengrisport.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алтын медаль үшін өткен финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшыға үндістандық боксшы Самир Бохрамен қарсылас болды. Кездесу төрешілер шешіміне дейін жалғасып, олар 4:1 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Бейбарыс Қойшыбай 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Бұған дейін қыздар құрамасының мүшелері де алтын медальдарды жеңіп алған болатын. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұргүл Сахи өзбекстандық спортшы Шахона Мулложонованы жеңіп, алтынға қол жеткізді. 3 раундтың қорытындысы бойынша есеп – 4:1.

Ал 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Самал Төлепберген қырғызстандық Аруузат Мәлікованы бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.

Естеріңізге сала кетейік, 15 пен 17 жас аралығындағы спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр, ол 15 мамырға дейін жалғасады.

Ақпарат kaz.tengrisport.kz сайтынан алынды. 

Подписаться