Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қолаға қол жеткізді

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қолаға қол жеткізді

фото: Спортты дамыту дирекциясы

       Бүгін Бішкекте (Қырғызстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионатының ақтық жарыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

       Жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, отандасымыз Ақмарал Ерекешева шығыршық жаттығуының финалында 28.50 ұпай алып үздік үштікке енді. Осы сайыста 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы, өзбекстандық тәжірибелі спортшы Тахмина Икромова (29.25) жеңімпаз атанса, күміс жүлдені қытайлық, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының финалисі Ван Цзылу (28.90) алды.

       Айта кетейік, сары құрлық додасына жекелей сын бойынша 17 елден 30-дан астам үздік спортшы қатысуда. Сондай-ақ бұл турнир күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

       https://kaz.inform.kz/



 

Подписаться