Ақтөбе қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері анықталды.
Қола жүлде үшін бәсекеде Виктор Козик жаттықтыратын Оралдың «Жайығы» мен «Атырау» клубы (бас бапкері Игорь Никольченко) екінші кездесуін өткізді.
Кеше оралдықтар 3:1 есебімен басым түскен болатын. Қос команда кешегі құрамды өзгерте қойған жоқ. Бұл жолы «Жайық» клубы үш сетте жеңіске жетті – 3:0 (25:22, 25:22, 25:20).
Осылайша, өткен жылы ел чемпионы атанған В.Козиктің шәкірттері биыл қола жүлдені қанағат тұтты. Ал 2025 жылы үздік үштікті түйіндеген атыраулықтар биыл жүлдесіз қалды.
https://kaz.inform.kz/