Ұлттық қор төлемінен 12 мың бала неге шеттетілді: Ұлттық банк түсініктеме берді

Ұлттық қор төлемінен 12 мың бала неге шеттетілді: Ұлттық банк түсініктеме берді

фото: https://syrboyi.kz

       Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасына қатысты қоғамда тараған мәліметтерге жауап берді. Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шамамен 12 мың баланың бағдарлама аясындағы төлем алу құқығынан айырылғанын хабарлаған еді.

       Журналистер бұл балаларға тиесілі қаражаттың басқа қатысушылар арасында қалай бөлінгенін сұрағанда, Сүлейменов нақты санды айта алмайтынын жеткізді. Дегенмен ол Қазақстан азаматтығынан шыққан балалардың бұл бағдарламаға қатыса алмайтынын нақтылады.

       Оның айтуынша, егер бала шетелге қоныс аударып, азаматтығын өзгертсе немесе басқа да себептермен ел азаматтығынан бас тартса, оның жеке шотына аударылған қаражат жойылады. Мұндай жағдайда қаржы жүйеде қалып, өзге балалар арасында қайта бөлінеді.

       Сүлейменов бұл жағдай да дәл осындай себептермен байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылардың жүйеге қашан кіріп, қашан шыққанына байланысты нақты есеп жүргізу қиын екенін айтты.

       https://kaz.tengrinews.kz/

 

Подписаться