Тағам қауіпсіздігі талаптарын сақтап жүрміз бе?

Тағам қауіпсіздігі талаптарын сақтап жүрміз бе?

фото: pexels.com

Күнделікті тұтынатын тағамдарымыз дұрыс сақталмаса олар тез бұзылып, бактериялар (сальмонелла, листериа) көбейеді. Мұндай тағамды жеген адам улануы мүмкін. 

Дұрыс сақталмаған тағамдар дәмін, хош иісін және қоректік заттарын жоғалтады, жағымсыз иіс шығарып, тоңазытқышта микробтардың көбеюіне қолайлы орта жасайды. Ал тағамнан уланғандар тағамдық токсикоинфекция ауруына ұшырайды. 

Тағамдық токсикоинфекциялар (ТТИ) – құрамында патогенді микроорганизмдер мен олардың токсиндері бар тағам өнімдерін тұтыну нәтижесінде пайда болатын жедел аурулар. Бұл туралы Алматы қаласы Әуезов ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Жақыбай Саида Ыбышқызы мәлімдеді. 

 Көбінесе ТТИ жағдайлары жылдың жылы мезгілінде, сондай-ақ жаппай іс-шаралар мен жәрмеңкелер кезінде жиі тіркеледі, дейді Саида Ыбышқызы.

Фото: pexels.com.

ТТИ пайда болуының негізгі себептері:

- тағам өнімдерін сақтау талаптарының бұзылуы;
- тасымалдау және сату кезінде температуралық режимнің сақталмауы;
- тағамды жеткіліксіз термиялық өңдеу;
- жеке гигиена талаптарының сақталмауы;
- шикі және дайын өнімдердің өзара ластануы.

Ең қауіпті өнімдер:

ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, майонез қосылған салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер, сондай-ақ дайын тағамдар.

Алдын алу шаралары:

1. Температуралық режимді сақтау
Тағам өнімдерін тоңазытқышта +4 °C-тан жоғары емес температурада сақтаңыз. Ыстық тағамдар +65 °C-тан төмен емес температурада сақталуы тиіс.
2. Термиялық өңдеу
Етті, балықты, жұмыртқаны толық пісіріп, қуырып пайдаланыңыз. Жеткіліксіз өңделген өнімдерді тұтынбаңыз.
3. Өнімдерді бөлек сақтау
Шикі және дайын өнімдерді бірге сақтамаңыз, бұл олардың ластануына әкелуі мүмкін.
4. Жарамдылық мерзімін сақтау
Жарамдылық мерзімі өткен немесе бұзылған белгілері бар өнімдерді пайдаланбаңыз.
5. Жеке гигиена
Тамақ дайындау алдында, тамақ ішер алдында және көшеден келген соң қолды мұқият жуыңыз.
6. Ресми сауда орындарынан алу 

Рұқсат етілген орындардан сатып алу.  Тағам өнімдерін санитариялық талаптарға сай келетін ресми сауда орындарынан ғана сатып алыңыз.

-Уланудың алғашқы белгілері (жүрек айну, құсу, іш өту, дене қызуының көтерілуі) пайда болған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, деп ескертті Алматы қаласы Әуезов ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Жақыбай Саида.

Тағам қауіпсіздігі талаптарын сақтау – денсаулықты қорғаудың негізгі кепілі.

 

Подписаться