Қадірлі, өнерсүйер қауым! Ұлт руханиятын ұлықтайтын - Шалқар радиосына 60 жыл!
Шалқар радиосы - сіздің атаңыз бен әжеңізге деген сағыныш, әкеңіз бен анаңызға деген құрмет, балалық бал күндеріңіз бен жалындаған жастық шағыңыздың естелігі! Әулетіңіз сүйіп тыңдайтын радионың әуе толқынында - ұлттық ән, күй, жыр, терме, қазақтың әңгімесі мен ертегісі әрқашан шарықтауда.
Ендеше қазақтың үнжариясы- Шалқар радиосының мерейтойын бірге тойлайық!
3-мамыр күні Алматы қаласында Республика сарайында өтетін «Шарықтай бер, Шалқар!» атты мерекелік думанды ән кешіне келіңіздер!
«Халық әні-қазына» жобасы аясында өтетін бұл кеште сіздермен бірге қазақтың танымал өнер майталмандары!
Билеттер тикетонда және байланыс телефонымыз 87477106121, 87479941844
Жоба авторы, продюсері Гүлмира Нәлібай