Қазақстанда сиреньді рұқсатсыз жұлғандарға 216 250 теңге айыппұл салынады

Қазақстанда сиреньді рұқсатсыз жұлғандарға 216 250 теңге айыппұл салынады

фото: https://www.istockphoto.com/ru/portfolio/ph2212

       Аулаларда, саябақтарда және көше бойындағы өсімдік  мемлекет қорғауында.

       Қазақстанда қалалық аумақта өсіп тұрған сиреньді (мамыргүлді) зақымдағаны үшін 216 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

       ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 338-1-бабына сәйкес, ағаштар мен бұталарды заңсыз зақымдағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 2026 жылы бұл шамамен 216 250 теңгені құрайды.

       Аулаларда, саябақтарда және көше бойындағы өсімдік  мемлекет қорғауында. Ал егер ол  жекеменшік аумақта орналасса, мәселе иесімен шешіледі, келген шығынды бағалап, өтемақы талап етуге құқылы.

       Полиция мәліметінше, мамыргүлді жұлу көбіне 386-бапқа жатады. Бұл  бойынша да айыппұл көлемі аз емес.

       "Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодексінің 386 бабының нормаларына сәйкес жасыл желектерді күтіп ұстау немесе қорғау қағидаларын бұзғаны үшін 30 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде, яғни 130 мың теңгеге жуық айыппұл көзделген. Бұл да әрине аз сумма емес. Азаматтар міндетті түрде жеке жауапкершілікті сезінуге тиіс", - дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

       https://kyn.kz/

Подписаться