Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам қайтыс болды

Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам қайтыс болды

фото: https://pixabay.com/

Қайғылы оқиға 5 сәуір сағат таңғы сағат 08:00 шамасында болған

Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам ағаштан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қайғылы оқиға 5 сәуір сағат таңғы сағат 08:00 шамасында болған.

Ер адам ағаш басындағы мысықты құтқарамын деп 6 метр биіктіктен құлап кеткен.

"51 науқас жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға сағат 9:05-те жеткізілді. Жағдайы өте ауыр болды. Көп жері сынған, ішкі ағзалары жыртылған. Травматикалық, геморрагиялық шок алған", - дейді дәрігерлер.

Науқасқа кешенді терапия жүргізілді. Барлық медициналық іс-шараларға қарамастан, алған зақымдардың салдарынан науқас қайтыс болды.

Дерек көзі:https://sputnik.kz

Подписаться