Жуырда ғана қалпына келтірілген сирек кездесетін бөлшектің биіктігі — 2,5 метр. Бірегей бұйым коллекционерлер мен сәулетшілердің қолына түсуі мүмкін. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Kazinform-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Парижде аукционда Эйфель мұнарасының 1889 жылы Гюстав Эйфельдің жетекшілігімен салынған түпнұсқа шиыршық баспалдақтың бір бөлігі сатылымға шығарылады. Бұл бөлшек кезінде мұнараның екінші және үшінші деңгейін жалғап тұрған, яғни Францияның басты символына алғашқы келушілер дәл осы баспалдақпен жоғары көтерілген.
Коллаж: Kazinform / Canva
Лоттың бағасы — 40–50 мың еуро. Құрылымның биіктігі шамамен 2,7 метр, ішінде 14 металл баспалдақ бар. Баспалдақ 1983 жылы бөлшектеліп, 24 бөлікке бөлінген. Олар қазір әлемнің түрлі музейлері мен жеке коллекцияларында сақтаулы.
Фото: Artcurial
Қазіргі уақытта 14 метрлік бір фрагмент мұнараның бірінші деңгейінде орналасқан, ал қалғандарын Орсе, Ла-Виллетт және Париждегі темір музейінен көруге болады. Қалған 20 бөлігі сатылып кеткен, бұл бөлшектер әлемнің әр түкпірінде — Диснейлендтен бастап Яманаси префектурасындағы жапон бақтарында орналасқан.
Саудаға шығарылған сирек бөлік 2,5 метр биіктікте және жақында қалпына келтірілген — 40 жылдан астам уақыт жеке коллекцияда болғаннан кейін оған бастапқы қоңыр түсі қайта берілді.