Биыл футболдан әлем чемпионаты 3 елде ұйымдастырылады

Биыл футболдан әлем чемпионаты 3 елде ұйымдастырылады

фото: pexels.com

Биыл маусым-шілде айларында өтетін футболдан Әлем чемпионаты 40 млрд доллар пайда әкелуі мүмкін. Халықаралық футбол федерациясы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының есебі осы. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Төрт жылда бір келетін ірі турнир үш елде ұйымдастырылмақ. Ойындарды тамашалауға 6 миллионнан астам жанкүйер келеді деген болжам бар. 

Биыл өтетін футболдан әлем чемпионаты жаһандық экономикаға айтарлықтай серпін бермек. FIFA сарапшыларының пайымынша, турнирдің жалпы экономикалық әсері 80 миллиард доллардан асады.

 Халықаралық футбол федерациясы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының есебінше, турнир туризм, бөлшек сауда, көлік және қызмет көрсету секілді көптеген салалардың дамуына ықпал етеді. Миллиардтаған жанкүйер асыға күтіп отырған мундиаль 11 маусымда Мехикодағы «Ацтека» стадионында басталып, АҚШ, Канада және Мексиканың Ванкувер, Торонто, Мехико, Атланта, Бостон, Канзас-Сити, Майами, Нью-Йорк, және Сан-Франциско сынды 16 қаласында өтеді. Финалдық матч 19 шілдеде Нью-Джерсиде ұйымдастырылады. 

Биылғы дода тұңғыш рет кеңейтілген форматта өтіп, 48 құрама 104 матчта бақ сынайды.

 Турнирді көруге әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 6,5 миллион жанкүйер келеді. Олардың 60 пайызы – бұл турнир үшін алғаш рет сапар шегетіндер. Олар билеттерге және жүріп-тұруға 14 миллиард долларға жуық ақша жұмсайды деген болжам бар. 

Нәтижесінде, әлемдік жалпы өнімге қосылатын үлес 40 миллиард долларды құрайды. 

Сонымен қатар, мамандар 824 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деп топшылап отыр. Сарапшылардың айтуынша, пайданың басым бөлігі АҚШ бюджетіне түседі. Өйткені матчтардың басым бөлігі құрама шататтарда өтеді. Шамамен ел экономикасына 17,2 миллиард доллар түсіп, 185 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Подписаться