Айбек Оралбай Азия чемпионатының алтынын ел қоржынына салды

Айбек Оралбай Азия чемпионатының алтынын ел қоржынына салды

фото: ҰОК/kaz.inform.kz

Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлады kaz.inform.kz. 

Финалда қазақстандық боксшы Қытай құрамасының атынан сынға түскен этникалық қазақ Данабек Байқонысты жеңді. Осылайша ол ерлер арасындағы бәсеке бойынша ел қоржынына төртінші алтын медальді салды.  

Айта кетейік, бұған дейін Айбектің бауыры Нұрбек Оралбай Азия чемпионатында топ жарды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының сапынан Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) алтын жүлде иеленсе, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) финалда жеңіліп, күміс медальмен шектелген еді. 

Подписаться