Еліміздің теннисшісі, 15 жастағы Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоу (Қытай) қаласында өткен халықаралық World Tennis Tour Juniors J60 турнирінде озық шықты.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Аңсар Ниетқалиев ақтық сында жергілікті спортшымен кім мықтыны анықтап, қарсыласынан басым түсті.
Теннисші финалда сауатты да тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Аңсар Ниетқалиевтің бұл табысы оның әлемдік рейтингідегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Аңсар енді Уханьдағы (Қытай) J100 додасында бақ сынауға мүмкіндік алып отыр.
https://kaz.inform.kz/