Біздің үй жануарлары көптеген аурулардан зардап шегеді. Бұл аурулардың кейбіреулері адамдар үшін қауіпті. Инфекция көбінесе жануармен тікелей байланыста болады.
Зооантропоноздардың адамдар үшін қоздырғыш көзі - бұл, ең алдымен, адамдар шаруашылық қызмет барысында және үйде жиі байланысатын жануарлар: ауылшаруашылық және үй жануарлары, кеміргіштер, сонымен бірге жабайы жануарлар.
Мысық пен иттің жұқпалы ауруларынан адамға қауіптісі: құтыру, қотыр жара, қышыма және токсоплазмоз, эхинококкоз.
Құтыру ауруы. Ит пен мысықтан және жабайы аңдардан жұғады. Адам ағзасына құтыру вирусы қан арқылы тарайды. Бұл дертке шалдыққан адамның денесі тырысып, судан жиіркеніп, сал болып, шөліркеп және жағдайы күрт төмендейді. Есіңізде болсын, құтырған жануарлардың ең бірінші мінезі өзгереді. Ондай жануарлар себепсізден – себепсіз мияулайды немесе үреді. Егер сізді осындай жануар тістеп алса, тез арада дәрігерге көрініңіз, арнайы екпе жасатқаныңыз дұрыс.
Токсоплазмоз. Бұл ауру тек мысықтардан ғана жұғады. Аурудың жұққаны бірден білінбейді. Ол жұққаннан бірнеше ай немесе жылдан кейін ғана шығады. Науқасты әлсіздік мазалап, ыстығы көтеріліп, жағдайы нашарлай бастайды. Токсоплазмоз әсіресе аяғы ауыр әйелдерге қауіпті. Себебі балаға айтарлықтай зияны тиеді.
Эхинококкоз ауруы. Адам эхинококкозы – ауыр, созылмалы мүгедектікке дейін апаратын құрт ауруы. Эхинококк иттің ішегінде өмір сүреді. Жұмыртқалары немесе оның мүшелері нәжіспен бөлініп, сол ауру жұқтырған ит жүнін, суды, топырақты, шөпті және жұғысқан бөлмені, ыдыстарды ластайды.
Эхинококкоз қоздырғыштары адамның кез келген мүшесін зақымдауы мүмкін. Әсіресе бауыр мен өкпе көп зардап шегеді. Егер эхинококкозбен бауыр зақымдалса, оның оң жағында ауырсыну сезіледі, ал өкпе зақымдалса, онда наукастың кеуде тұсында ауырсыну сезіледі, жөтел, ентігу, кей кезде қан түкіру пайда болады.
Эхинококкоздың алдын алу үшін бірінші кезекте қаңғыбас және иесіз иттермен күрес жүргізу және оларға міндеті түрде жылына 2 -3 рет дегельминтизация ( құрттарға қарсы дәрілеу) жүргізу керек.
Қышыма. Инфекция – жануарлардың терісінің сыртқы паразиті. Қотыр кенелерін жұқтырған иттерден адамдарға беріледі. Ауруға тән белгілері: қышыну, бөртпе және көбінесе таралу кезінде инфекцияға байланысты қайталама пустулярлы элементтер болады.
Мына қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарңызды инфекциядан қорғауға болады:
- Үй жануарлары үшін барлық қажетті егулерді ұмытпаңыз;
- Егер сіз жануарларда диарея басталғанын байқасаңыз, уақытылы емдеңіз;
- Бүргелер мен кенелерге қарсы шаралар қолданыңыз және үй жануарларыңызды паразиттерге тексеруді ұмытпаңыз;
- Үй жануарымен қарым-қатынас жасағанда және оған күтім жасағанда гигиенаны сақтаңыз;
- Жануарды сипалаған кез - келген адам қолын сабындап жуғаны дұрыс;
- Аяғы ауыр әйелдердің мысыққа жоламағаны дұрыс. Егер сіздің аяғыңыз ауыр болса, үйде мысық ұстамаңыз. Ал үйіңізде мысық болған жағдайда, оны жыл сайын құтыруға қарсы вакцина ектіріп тұру керек;
- Егер сізде мысықтан тыртық пайда болса, оны антисептикпен емдеңіз;
- Адасқан мысықтар мен иттерге қол тигізбеган дұрыс;
Жетісу ауданы санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы А. Құдасбек
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через