Депозит ашуға сенімді банкті қалай таңдау керек?

Депозит ашуға сенімді банкті қалай таңдау керек?
Әрбір адам қаржысын жинақтайтын сенімді банк қызметіне мұқтаж. Банк секторында ештеңе ұқпасаңыз немесе керісінше қаржылық мәселелерді шешкіңіз келсе, көптеген факторды есепке алу керек. Сенімді банк таңдау мәселесі оның қызметін дұрыс пайдалану мен жеке қажеттіліктеріңізге қарай шешілмек. Бүгін біз қаржы жинақтайтын депозиттердің түрлері мен оларды сақтайтын банкті қалай таңдау керектігі жайлы пайдалы ақпаратпен бөліспекпіз.

Жинақтау шоты қаржыңызды бір жерде ұстап тұратын ұяшық іспеттес. Бұл алдағы бірнеше жылда сізге қажет болатын қаражатты сақтауға қауіпсіз, сіз үшін кез келген уақытта қол жетімді орын. Ең қызығы біз қаржыны банкке өткізгенде, стресс сезінбейміз.

Қаржыны сақтау мен жинақтаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі - депозит ашу. Қазақстандық нарықта депозиттердің екі түрі бар: мерзімдік және мерзімсіз, бірі ішіндегі қаражатты шығарып, қайта толтырып отыруға мүмкіндік берсе, екіншісі ақшаны белгілі бір уақыта дейін сақтап тұрады. 

Қандай да бір банкке сенім артуға болатынын қалай анықтаймыз?

Банк қызметінің мәніне сүйенген сенімділік беретін 3 негізгі критерий бар.

Кредиттік рейтинг. Салым үшін банкті таңдауда ең алдымен, оның рейтингін бағалау керек. Ол – несие ұйымының төлем қабілеттілігінің, тұрақтылығының және сенімділігінің индикаторы. Рейтинг Банктің өз міндеттемелерін қалай орындайтынын, яғни өзінің депозиттік базасы бойынша пайыздарды қалай төлейтінін көрсетеді.

Standard&Poor's рейтингтік агенттігінің бағалауына сәйкес, ВТБ Банк елдегі банк нарығындағы "Тұрақты" болжамымен "BB+/B"ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ең жоғары кредиттік рейтингтерге ие.

Құқықтық критерий. Бүгінде тұрғындардан үстеме пайызбен ақша алуға қызығушылық танытатын көптеген мекеме бар. Бірақ егер банктік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ ұйыммен бетпе-бет келсек, онда біз де өте үлкен тәуекелді арқалаймыз.

Жұмыстың тиімділігі. Пайданың болуы, оның даму динамикасының тұрақты өсуі және мерзімі өткен берешектің төмен деңгейі.

ВТБ Банк бос ақшаны банк депозитіне салып, қосымша табыс табуға болатын депозиттер ұсынады. Олар қосымша пайыздары соңында төленетін; ай сайын төленетін; қаржы алып, салып отыру мүмкіндігі бар; мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігі бар болып ерекшеленеді.

ВТБ Банк төмендегідей мерзімдік депозиттік салымдарды ұсынады:

«Жайлы» салымы - мақсатты жинақтауға арналған салым

«Жайлы» салымы – бұл барлық депозиттер арасында теңгедегі ең жоғары пайыздық мөлшерлемемен қайтарылмайтын депозит. Теңгедегі депозиттер арасында ең жоғары сыйақы мөлшерлемесіне ие, 15 миллион теңгеге дейін қаржы салуға болады 12,2 %-ға дейін.

«Ыңғайлы» – икемді салым 

«Ыңғайлы» салымы – сыйақыны жоғалтпай, кез-келген уақытта, төмендетілмейтін қалдық шегінде ақшаны толтыру және алу мүмкіндігі бар ыңғайлы депозит түрі.
Аталған депозитті ашқан кезде сіз банктен сыйақы аласыз, сондай-ақ мемлекеттік сыйлыққа ие боласыз. Банктің сыйақы мөлшерлемесіне  салымшылардың барлық санаттары үшін қосымша 5% ала аласыз.

«Білім беру  AQYL» салымы  – балаңыздың білім алуына ақша жинақтау үшін ең жақсы шешім.

«Білім беру – AQYL» салымын аша отырып:

  • Сіз ақша жинақтайсыз;
    • Банктен, мемлекеттен сыйлықақы аласыз.

Банктің сыйақы мөлшерлемесіне барлық санаттағы салымшылар үшін қосымша 5% жылдық  сыйақы беріледі.

«Жинақтаушы» салымы – сыйақыны жоғалтпай, кез-келген уақытта, төмендетілмейтін қалдық шегінде ақшаны толтыру және алу мүмкіндігі бар депозит түрі. Сыйақы мөлшері жылына 8,0%-ды құрайды.

«Жинақтық» салымы – салымды сыйақы мөлшерін ішінара жоғалту арқылы мерзімінен бұрын жабуға мүмкіндік береді, ал ішінара алу және салым бойынша қосымша жарналар қарастырылмаған, сыйақы мөлшері 9,5%

Салым түрлерімен толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыз.

Салым үшін банкті таңдау кезінде мына нәрселерді ескеру қажет: салым бойынша мөлшерлемелер; осы мекеменің сенімділігі және өзіңіз үшін оңтайлы теңгерімді таңдау. Себебі егер сіз банктің абыройына, сенімділігіне мән берсеңіз, көп жағдайда өте төмен мөлшерлемелерге ие боласыз.

Сенімді банк таңдауда неге назар аудару керек?

Ақшаңызды осы немесе басқа банкке тапсырмас бұрын, тартымды шарттарға емес, (мұндай банктегі өтімділікпен проблемалар туралы сигнал бере алады), ал банктің есептілігіне назар аудару қажет. Бұл туралы барлық ақпаратты ҚР Ұлттық Банкінің сайтынан табуға болады.

  • Банктердің рейтингтері мен қаржылық есептілігін зерттеңіз. Сонымен қатар, рейтингтегі оның орнын ғана емес, салымның шарттарын да ескеріңіз.
  • Банктің Салымдарға кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болатынын міндетті түрде тексеріңіз.
    Жүйеге қатысушы банктердің тізімі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының сайтында
    жарияланған. Қазіргі уақытта әр банктегі бір салымшыға барлық депозиттер мен банктік шоттар бойынша
    Мемлекеттік кепілдік құрайды:
    - 15 миллион теңгеге дейін – жинақ салымдары бойынша теңгемен;
    - 10 миллион теңгеге дейін – теңгедегі депозиттер: салымдар, төлем карточкалары, банк шоттары бойынша;
    - 5 миллион теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер бойынша.
  • Шартты мұқият оқыңыз.
  • Экономистер қаражатты оны жұмсайтын валютада сақтауға кеңес береді. Себебі теңгедегі депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері жоғары, шетел валютасында - төмен (0,1-1%).

Салымның кіріс деңгейін есептеу үшін көптеген сайттарда бар калькулятор көмектеседі. 

Егер сізде ай сайын артық ақшаның қандай да бір сомасы (тіпті шағын болсын) болса, және сіз қажетті соманы жинау үшін оларды қолданғыңыз келсе-бұл жағдайда банктік депозит жақсы идея.

Сонымен қатар, бұл қаражаты салыстырмалы түрде қауіпсіз деңгейде болады және оларды банктегі салымнан алынған табыс өсіп келе жатқан инфляцияны қандай да бір дәрежеде жабады.

Ақпарат көзі: Stan.kz