фото: © Sputnik / Тимур Батыршин
Өркениетті қоғам, дамыған ел, әсем қала деп өзге елге бас бұрып, таңдай қаға тамсанамыз. Бірақ тамаснып жүрген елдердің өзімізден артығы барма? Ол елдегі экологиялық жағдай өзіміздің Алматыдан артық деп ойлау қателік. Дегенмен өзіміздің әсем Алматымыздың ауасы мен суын реттесек сол Швейцария дан кем болмайтынымыз анық.
Өркениет латынның «сіvіlіs» деген сөзінен алынған. Бүгінгі таңда өркениет ұғымы көбінесе қоғамның даму деңгейін анықтайтын сөз ретінде қолданылуда. Өркениеттің өрістеуіне өндірістің түпкілікті өзгерісі, жеке меншіктің келуі, жаңа технологиялардың пайда болуы әсер етті. Демек, қоғамның дамуы үшін жоғарыда аталған факторлар орындалуы тиісті. Бүгінгі таңда әлемде өте ірі қалалар мен өркениеті асқан шаһарлар саны артып келе жетір. Қала халқының саны өсіп, өндіріс көлемі ұлғайған сайын оның қоршаған ортаға тигізер зияны да сол құрлым молая түсері айқын. БҰҰ-ның өткен жылғы шығарған мәліметінде экологиялық ахуалы сын көтермейтін әлемнің ең лас 30 қаласының қатарына біз арайлы дейтін Алматымыздың да болуы көңілге кірбің ұялатыды. Бұл мәселені реттеуді қала деңгейінде ғана емес, мемлекет деңгейінде қарастыру қажет. Алатаудың баурайынан орын тепкен әсем Алматы бір кездері өзіне шетел туристерін кербез сұлу табиғатымен, апорт алмасымен, асқар шыңды тауларымен, ауасының тазалығымен өзіне тартары сөзсіз. Өкініштісі сол бүгінде қаланың тазалығы көңілге қонымсыз болып барады. Оны күнде көріп жүрміз. Көліктерден шығатын парникті газдарды былай қойғанда қаладағы ірілі ұсақты өндіріс орындарының түтініне тұншыққан ауасымен, баурайы түрлі тұрмыстық қоқысқа толған таулардың етегі туристер түгілі қала тұрғындарының өзіне жағымсыз әсер қалдыруда.
Алматының маңына тынығып, денсаулығымызды оңалту былай тұрсын денсаулығымызға зиян келеме деп қорқатын болдық. Себебі қайда барсаң да қоқыстан көз ашпаймыз. Адамдар дем алған соң өздері әкелген тағам мен өзге де бұйымдардың қалдықтарын жинап кетуді білмейді. Тіпті қалған қоқысты әр ағаштың түбіне тығып немесе суға ағызып жіберетініне ішім ашиды. Бізде дем алу мәдениеті мүлде жоқ. Шет елге барып жүрмін. Ол жақта да дем аламыз, мұндай мәдениетсіздік байқалмайды,- дейді қала тұрғыны туристь Гүлшат Орман.
Гүлшаттың айтып налып отырғаны рас. Алатаудың бауырына барып тынығатын алматылықтардың көпшілігі соңына қап-қап қоқыс қалдырып кетуде. Бұл сөздің шындығына күмәндансаңыз, Алма-арасанға немесе Көктөбеге барып көріңіз...
EXIMAR форсайт-агенттігі жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша Алматы ауасын ластайтын зиянды заттардың 80 пайызы көмір жағып отырған үш жылу станциясына тиесілі. Ал оған көліктердің қосар үлесі 20 пайызды құраған.
Бірақ қаладағы сол 3 бірдей жылу бретін орталықтардың айтар уәжі басқа.
Біздің станция жазда да, қыста да бірдей жұмыс істейді. Бірақ, неге жазда қалада қара түтін аз? Өйткені, жекеменшік сектордағы тұрғын үйлер пеш жақпайды. Сондықтан, қаланы тек ЖЭО-тары тұншықтырып отыр деу қисынға келмейді. Байқасақ жел қалаға Қаскелең жақтан, яғни батыстан еседі. Ол жақтағы тұрғындардың көбісі газға қосылмаған, үйлері мен моншаларын жылыту үшін пеш жағады. Бұл қыстың күні үдей түсетіні шын. Сол сияқты Талғар жақта да халық тұрады. Қалада бізден бөлек тағы да 84 қазандық бар. Осының барлығын зерттеу керек", – дейді «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Серік Түтебаев.
Тұрғын үйлерден шығатын түтіннен құтылудың бір ғана амалы газ жүйесіне түгел қосу. Бұл біртіндеп жүзеге асып жатыр. Ал ЖЭО-н газға көшіру 2029 жылға дейін созылады екен. Жылу орталықтары газға қосылса мәселенің шешіле қалады дегенге сену тағы қиын.
Алматылықтар көмірқышқыл газының кері әсерінен тұрғындардың тыныс алу жолдарының ауруларын туғызады. Соңғы 10 жыл көлемінде астма және түрлі аллергиялық дерттермен ауыру еселеп өскен. Химик ғалымдардың айтуынша, ауа құрамындағы 1000 молекуланың 350-і көмірқышқыл газынан тұрса ол таза ауа деп саналатын көрінеді, ал, Алматы қаласының кейбір жерлерінде бұл көрсеткіш 1000 молекулаға шаққанда 450-470 көмірқышқыл газының молекуласына тең келеді екен. Бұл дегеніміз, тыныс алып отырған ауаның адам денсаулығына орасан көп зиян келтіруде.
Қазіргі таңда Алматы қаласында қалыптасқан аса күрделі экологиялық жағдайды және халық денсаулығын сақтаудың маңыздылығын басшылыққа ала отырып, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ұлттық қауіпсіздік деңгейінде қарастыру маңызды болмақ,- дейді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор Дінмұхаммед Лесбеков.
Оның айтуынша көліктер мен жылыту қазандықтарынан шығарылатын түрлі зиянды қалдықтардан бөлек қыс мезгілінде көктайғақтан сақтану үшін көшеге шашылатын тұздан да орасан зор зиян келуде. Қала аумағында ас тұзын қолдану оның топырақтың құнарлы қабатта жинақталуына және минералдану (тұздану) деңгейінің артуына әкеледі, бұл үрдіс жасыл-желек қорына кері әсер етіп, тұтастай алғанда қаланың экожүйесін бұзып жіберетіндігін айтып отыр Дінмұхаммед Лесбеков.
Маманның айтып отырғанымен толықтай келісеміз. Тау бөктеріндегі қоқыстан бөлек күзгі-қысқы кезеңдерде қала көшелерін қардан тазалау кезінде аудан аумақтарында қар жинау пункттері (қар үйінділерін) ұйымдастырылады. Көктемде әлгі су сай-саламен ағып таза сулар мен өзендерге құяры сөзсіз. Бұл тұз араласқан қар суы топырақтың, жердің ластануына әкелері кәдік.
ҚР Экологиялық кодексінің 238-бабы 9-тармақшасында: «Елді мекендер жерлерінде көктайғақпен күресу үшін ас тұзын пайдалануға тыйым салынады» деп анық көрсетілген. Бірақ бұл тйымға кей жағдайда құлақ аспай кететін жағдай тағы бар бізде.
Үлкен қалаланың тағы да бір өзекті мәселесі — ауыз су. Тау басынан ағып жатқан көптеген бұлақтардың бойына зәулім котедждер салынып тасталынған. Үлкен үйлерден шығатын жуынды- шайынды кей жағдайда тау суына төгіліп жатыр. Ал, бұл суды төмен жағында орналасқан үйлер тұрмыста да, бақшада да пайдаланады. Нәтижесі белгілі: адамның денсаулығы. Асқазан қабынуы, сары ауру, соқырішектің қабынуы секілді кеселдердің пайда болуына әкеледі.
Осы сынды мәселелердің барлығын шешу үшін көп жұмыс атқару қажет. Сол жұмыстардың бірі қаламыздың жасыл жамылғы көлемін ұлғайту. Бұл іспен қаланың кез келген тұрғыны айналысса бек болары сөзсіз. Ең бастысы осы табиғи сүзгі шаң-тозаң мен көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп, ауаны да тазартады әрі көшелердің сәнін келтірері сөзсіз.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через