фото: pexels.com
Қазақта «Жүре берсең көре бересің, көре берсең көне бересің» деген тәмсіл бар. 10-15 жыл бұрын біздің қоғам «суррогат ана» ұғымға күдікпен қарайтын, қабылдамайтын. Қазір интернетте «құрсағын «жалға» беретіндер» туралы хабарландыру көп. Қызметі үшін алатын ақысы да арзан емес. Ranking.kz дерегіне сүйенсек, бұл сома 3 -9 млн теңге аралығында. Мұндай қызметті ұсынатын қыз-келіншектердің жас мөлшері 20 мен 35 жас шамасында екен.
Қазақстанда суррогат ана болуға заңмен тыйым салынбаған. «Неке және отбасы туралы» заңда суррогат ананың қандай ұғым екені, оған қойылатын талаптар мен шарттар жан-жақты көрсетілген.
Соның арқасында Қазақстан көрші елдерден келетін бедеу ерлі-зайыптылар үшін тартымды елге айналып отыр. Емханаларда жасанды ұрықтандыру бағдарламасының бағасы төмен, ал ел заңнамасы суррогат ананың қызметін пайдаланатын жұптарға ыңғайланған.
Дегенмен, қазақ қоғамы жатырын жалға беретін әйелді қалай қабылдайды? Бізге суррогат ана қызметі керек пе? «Сапалы Қазақстан» порталының тілшісі осы сауалды отандастарымызға қойып еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через