фото: https://krisha.kz
2022 жылы ипотека алудың негізгі шарттары мен тәртібі қандай?
Ипотека – баспаналы болудың бірегей жолы. Қазақстанда ипотеканың қандай түрі бар, банктер қанша пайызбен несие береді, ипотекамен үй алу үшін айлық табыс қанша болуы керек және алғашқы жарна ақшасын қалай жинау керек деген сұрақтарға жауап іздейміз.
Елімізде онға жуық екінші деңгейлі банк және «Отбасы банк» ипотека береді. Сыйақы мөлшерлемесі 17,5 пайыздан басталады. Ипотека беретін банктер: Halyk Bank «Банк ЦентрКредит» Bank RBK Freedom Bank, «Нұрбанк» Altyn Bank ForteBank «Қазақстандағы Қытай Банкі» «Шинхан Банк Қазақстан» «Отбасы банк». Нарықтық ипотеканы алу үшін бүкіл кредит бойынша барлық төлем сомасы айлық табыстың 50 пайызынан аспауы керкек. Егер ипотека бойынша айлық төлем 200 мың теңге болса, демек сіз айына 400 мыңнан кем таппауыңыз қажет болады.
Қандай құжаттар керек? Жеке куәлік Соңғы 6 айдағы табысы және зейнетақы түсімі туралы анықтама Алынған мүліктің құжаты, бағалау туралы есеп. Әр банктің пайыздық мөлшерлемесі әртүрлі: «Банк ЦентрКредит»: алғашқы төлем пайызы – 20%. ЖТСМ – 18 пайыздан басталады. Мерзімі – 15 жыл. 20 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 252 мың (айлық төлем), 29 млн теңге. 30 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 378 мың, 44 млн теңге. Halyk Bank: алғашқы төлем пайызы – 20%. ЖТСМ – 17,5 пайыздан басталады. Мерзімі – 20 жыл. 20 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 240 мың (айлық төлем), 42 млн теңге. 30 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 361 мың, 62 млн теңге. Bank RBK: алғашқы төлем пайызы – 30%. ЖТСМ – 22,6 пайыздан басталады. Мерзімі – 15 жыл. 20 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 233 мың (айлық төлем), 28 млн теңге. 30 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 354 мың, 43 млн теңге. Freedom Bank: алғашқы төлем пайызы – 30%. ЖТСМ – 17,2 пайыздан басталады. Мерзімі – 15 жыл. 20 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 206 мың (айлық төлем), 23 млн теңге. 30 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 308 мың, 35 млн теңге. «Нұрбанк»: алғашқы төлем пайызы – 20%. ЖТСМ – 18 пайыздан басталады. Мерзімі – 10 жыл. 20 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 320 мың (айлық төлем), 22 млн теңге. 30 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 480 мың, 34 млн теңге. Altyn Bank: алғашқы төлем пайызы – 20%. ЖТСМ – 18,5 пайыздан басталады. Мерзімі – 15 жыл. 20 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 246 мың (айлық төлем), 28 млн теңге. 30 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 369 мың, 42 млн теңге. ForteBank: алғашқы төлем пайызы – 15%. ЖТСМ – 20 пайыздан басталады. Мерзімі – 15 жыл. 20 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 299 мың (айлық төлем), 37 млн теңге. 30 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 449 мың, 55 млн теңге. «Қазақстандағы Қытай Банкі»: алғашқы төлем пайызы – 50%. ЖТСМ – 26,5 пайыздан басталады. Мерзімі – 7 жыл. 20 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 263 мың (айлық төлем), 12 млн теңге. 30 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 394 мың, 18 млн теңге. «Шинхан Банк Қазақстан»: алғашқы төлем пайызы – 40%. ЖТСМ – 18,5 пайыздан басталады. Мерзімі – 20 жыл. 20 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 190 мың (айлық төлем), 34 млн теңге. 30 млн тұратын үйдің төлемі мен үстеме төлемі – 285 мың, 50 млн теңге. Қазір елімізде бірнеше мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істейді. Олар: «Бақытты отбасы» – жылдық 2 пайызбен; «Шаңырақ» – 5 пайыз; «Нұрлы жер» – 5 пайыз; «7-20-25» – 7 пайыз; «Алматы жастары», «Елорда жастары» – 5 пайыз; «Әскери баспана» – 6-8 пайыз.
Ең ыңғайлысы қай ипотека? Сарапшылардың айтуынша, қайсының үстеме төлемі аз болса, сол ең тиімдісі. Ол үшін әр банктің артық төлемдерін салыстырып көру керек. Бұл туралы алдын ала деректі сізге банк менеджері есептеп бере алады. «Өзіңіздің барлық несие шығындарыңызды есептеп алыңыз. Бүкіл займ бойынша жиынтық төлем кірісіңіздің 50 пайызынан аспау керек. Жүктемені төмендету үшін тұтынушылық несиелерді жауып тастаған жөн. Пәтер таңдамас бұрын банкке барып төлем қабілетіңізді бағалатыңыз. Қанша сомаға есептеп отырғаныңызды біліңіз. Банктің шарттарын – пайыздық ставкасын, несиелеу шарттарын біліңіз. Бірнеше банкті салыстыру қажет. Пәтер үшін төлейтін алғашқы жарнаны несие есебінен емес, өзіңіз жинап жеткізуге тырысыңыз. Алғашқы жарна сомасы қаншалықты көп болған сайын ай сайынғы төлеміңіз де соншалықты төмен болады. Ипотеканы мейлінше аз мерзімге рәсімдеген абзал. Ол артық төлемге тікелей әсер етеді. Ең оптималды мерзім – 10-15 жыл» дейді сарапшылар. Бұл ретте эксперттер ипотеканы мерзімінен бұрын өтеп тастауға шақырады. Олардың сөзінше, мерзімінен бұрын өтеп тастау негізгі қарыз бен автоматты үстеме төлемді төмендетеді. Екінші деңгейлі банктер бекіткен тәртіп бойынша, азамат ипотеканы рәсімдегеннен кейін 3 ай – 1 жыл аралығында барлық қарызды мерзімінен бұрын төлеп тастай алады. Дегенмен қаржы мамандары ипотеканы 8-10 жыл өткен соң барып мерзімінен бұрын өтеген тиімді екенін айтады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через