Жол құрылысында 5 мыңнан астам олқылық анықталды

Жол құрылысында 5 мыңнан астам олқылық анықталды

фото: https://sputnik.kz

Жол құрылысында 5 мыңнан астам олқылық анықталды

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы 9 айда ел өңірлеріндегі жолдарға 10 мыңға жуық тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 5,1 мың олқылықты анықтады, деп хабарлайды ведомство.

Жол-құрылыс материалдарының 23 мыңнан астам үлгісі іріктеліп, сынақтан өткізілген. Нәтижесінде 5,6 мың материал сынамасы немесе 24%-ы нормативтік талаптарға сай емес екені анықталды.

Мердігерлердің өз қаражаты есебінен 2 миллиард теңгенің жұмысы қайта жасалды.

Сапа орталығы жауапсыз компанияларға қатысты облыстық мемлекттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларына 100-ден астам өтініш жолдаған. Нәтижесінде 18 жағдай бойынша техникалық қадағалау мамандарының аттестаты тоқтатылып, 2 мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылды. Ал техникалық қадағалау қызметтері мен мердігерлерге 29 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз