Жеке аударымдарға салық салынатыны рас па?
Елімізде жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған. Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылға дейін жеке деректерге қол жеткізу мүмкін болмайтынын айтты.
Енді бұрынғыдай жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға салық салынбайды. Оған қоса жеке тұлғалардың деректері Мемлекеттік кірістер комитетіне берілмейді.
Өйткені бұл ақпараттың барлығы банк құпиясы болып саналады. Қазақстандықтар бұрынғыдай шектеусіз аударым жасап, қабылдай алады.
«Барлық мәлімет мемлекеттік кіріс органдарына беріледі деген ақпарат – негізсіз. Сондықтан алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Сондықтан жеке аударымдарға салық салынбайды. Еске салып өтерлігі, бұл қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылдың басына дейін салық төлеуден босатылған», – дейді қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через