Жапонияда балалар азайып бара жатыр

Жапонияда балалар азайып бара жатыр

Жапониядағы балалар саны статистика басталған 1950 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жеткен.

1 сәуірдегі жағдай бойынша, елде 14 жасқа дейінгі 14,65 миллион қыз бен ұл бар, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 250 мыңға аз. Ал ондағы 14 жасқа дейінгі кішкентай азаматтар қазір халықтың 11,7 пайызына  ғана тең. Бұл көрсеткіш бойынша Жапония 40 миллионнан астам халқы бар 35 елдің ішінде ең төменгі орында тұр, деп жазды ҚазАқпарат.

Жапония халқы, оның ішінде елде тұрақты тұратын шетелдіктер 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың қазанына дейін 644 мың адамға азайып, 125,5 миллионға жетті. Бұл процесс қарт адамдардан басқа барлық жас санаттарында байқалды. 65 жастан асқан ерлер мен әйелдердің саны бір жылда 190 000-ға артып, 36,2 миллионға жетті, бұл Жапонияның жалпы халқының шамамен 29%-ына тең.

Фото: m.furkanhaber.net