Жапон мейрамханасы коронавирустан қорғанудың ерекше тәсілін ұсынды

Жапон мейрамханасы коронавирустан қорғанудың ерекше тәсілін ұсынды
фото: https://sputnik.kz

Жапон мейрамханасы коронавирустан қорғанудың ерекше тәсілін ұсынды

Дәстүрлі жапон эстетикасы, заманауи материалдар және ең бастысы – пандемия жағдайында адамдармен маскасыз араласу мүмкіндігін ойлап тапты.

Бұл – Токиодағы әйгілі Hoshinoya қонақүйіндегі мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған Lantern Dining Experience (шам астындағы кешкі ас) жобасы. Жоба көне дәстүр мен заманауи материалдарды біріктірген. Әр шам жапон шамдарын шығаруға маманданған әйгілі шеберханада жасалған. Сонымен қатар олардың барлығы мейрамханаға келушілерді қауіпті вирустан қорғауға мүмкіндік беретін заманауи материалдарды қолданып жасалған. Әр шамның биіктігі – 120 сантиметр, диаметрі – 75 сантиметр. Оның алдыңғы бөлігі адамдармен коронавирустан қорғау үшін тығыз пластиктен жасалған.

Алайда соған қарамастан, мұндай шамдар кешкі ас ішкен кезде бірге отырған адамдардың бір-бірін жақсы естуіне кедергі келтірмейді және маска тағуды қажет етпейді. Шам астында кешкі ас ішу құны екі адамға 200 доллар ал бірнеше адам келсе, жеңілдік бар.

Жапонияның Hoshinoya қонақүйіндегі мейрамханада түскі ас пен кешкі ас тек сол жердегі қонақтарға арналған. Бұл шектеу келушілердің денсаулығын сақтауға байланысты карантиндік шаралар негізінде енгізілген. Алайда Lantern Dining Experience жобасы басталғаннан кейін басқа да қонақтарды шақыруға рұқсат етілді .

Жапонияның Hoshinoya қонақүйіндегі мейрамханада түскі ас пен кешкі ас тек сол жердегі қонақтарға арналған. Бұл шектеу келушілердің денсаулығын сақтауға байланысты карантиндік шаралар негізінде енгізілген. Алайда Lantern Dining Experience жобасы басталғаннан кейін басқа да қонақтарды шақыруға рұқсат етілді.

Lantern Dining Experience жобасындағы әрбір шамға жайлы атмосфера сыйлауы үшін жарық орнатылған. Шамның диаметрі кешкі ас кезінде өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді, жоба аясында арнайы мәзір де дайындалған.

Lantern Dining Experience жобасындағы әрбір шамға жайлы атмосфера сыйлауы үшін жарық орнатылған. Шамның диаметрі кешкі ас кезінде өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді, жоба аясында арнайы мәзір де дайындалған

Шамдар дәстүрлі жапон стилінде жасалған, бұл кейінгі екі жылда адамдар қарым-қатынасына кедергі келтіретін масканың орнын баса алады.

Шамдар дәстүрлі жапон стилінде жасалған, бұл кейінгі екі жылда адамдар қарым-қатынасына кедергі келтіретін масканың орнын баса алады.

Олар заманауи және дәстүрлі материалдарды – қағаз бен пластикті қолдану арқылы жиналады. Оның әрқайсысы Kojima Shoten шеберханасында жасалған. Бұл шеберхананың тарихы Эдо кезеңінен бастау алады.

Олар заманауи және дәстүрлі материалдарды – қағаз бен пластикті қолдану арқылы жиналады. Оның әрқайсысы Kojima Shoten шеберханасында жасалған. Бұл шеберхананың тарихы Эдо кезеңінен бастау алады

Қонақүй мәліметіне сәйкес, Lantern Dining Experience жобасы клиенттердің үлкен қызығушылығын тудырады. Қонақтар мейрамханада достарымен бірге кешкі ас ішу үшін шамамен 260 доллар төлейді.

Қонақүй мәліметіне сәйкес, Lantern Dining Experience жобасы клиенттердің үлкен қызығушылығын тудырады. Қонақтар мейрамханада достарымен бірге кешкі ас ішу үшін шамамен 260 доллар төлейді

Шамның алдыңғы бөлігі жұқа пластиктен жасалған және ол жан-жақты көруге кедергі келтірмейді.

Шамның алдыңғы бөлігі жұқа пластиктен жасалған және ол жан-жақты көруге кедергі келтірмейді.

Lantern Dining Experience жобасының арқасында мейрамханаға келушілер кешкі асты масканы шешіп отыра алады, бір-бірімен ашық сөйлесуге де мүмкіндік бар.

Lantern Dining Experience жобасының арқасында мейрамханаға келушілер кешкі асты масканы шешіп отыра алады, бір-бірімен ашық сөйлесуге де мүмкіндік бар.

Әр шам келушінің үстінен ілінеді, оны барлық жағынан қоршайды, алайда кешкі ас кезінде еркін қимылдауға мүмкіндік беріледі.

Әр шам келушінің үстінен ілінеді, оны барлық жағынан қоршайды, алайда кешкі ас кезінде еркін қимылдауға мүмкіндік беріледі.

Lantern Dining Experience үшін мәзір де арнайы жасалған.

Меймандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қонақүйде күніне тек бір үстелде ғана адамдар көп жиыла алады. Мұндай жағдайда ауа тазартылып отырады .

Меймандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қонақүйде күніне тек бір үстелде ғана адамдар көп жиыла алады. Мұндай жағдайда ауа тазартылып отырады.

Мәтіндегі ақпарат туралы