Жаңа Зеландия жыл сайын ауылшаруашылық мамандарына мұқтаж

Жаңа Зеландия жыл сайын ауылшаруашылық мамандарына мұқтаж

             Австралияның арғы бетіндегі Жаңа Зеландия мемлекеті ауылшаруашылық мамандарын оның ішінде қойшыларды жаппай іздеп жатыр деп жазады newsroom.kz порталы @immigrantium телеграм каналына сілтеме жасап.

            Айта кететін жайт, екі жылдық тәжірибесі бар отардың басқарушылары – 79 500 NZD шамасында жалақы алады. Ескеретін нәрсе – 100 жаңа зеландиялық доллар – 69 АҚШ долларына тең. Отар менеджерінің көмекшісінің жалақысы – 92 000 мың жаңа зеланд доллары. Сүт өндірісі жөніндегі көмекшінің айлығы сағатына – 27 NZD.

            Телеграм каналдың жазуынша, Жаңа Зеландия жыл сайын ауылшаруашылық мамандарына мұқтаж. Әлемдегі ең жайлы әрі экономикалық дамыған елдердің бірі – Жаңа Зеландияға бұл қоныс аударуға таптырмас мүмкіндік. Себебі, бұл ел жыл сайын тұруға ықтияр хатқа өтінім беретін миллионер-инвесторлардың ақшасынан бас тартатын әлемдегі санаулы елдердің бірі.