WhatsApp арқылы енді криптовалюта аударуға болады
Алайда әзірге бұл қызметті тек АҚШ-тағы шектеулі қолданушылар ғана пайдалана алады.
Төлем сервисінің басшысы Стефан Касриель өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мессенджердің Novi төлем сервисімен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді.
Алайда әзірге бұл қызметті тек АҚШ-тағы шектеулі қолданушылар ғана пайдалана алады.
Novi – Meta корпорациясының цифрлық әмияны. Бір жыл бұрын пайда болған. Цифрлық әмиян Paxos компаниясы шығарған АҚШ долларымен кепілдендірілген Pax Dollar (USDP) стейблкойнмен жұмыс істейді.
Әмиян сайтының хабарлауынша, төлемдер кез келген WhatsApp аудырымдары секілді жұмыс істейді.
Криптовалюта аудару мен қабылдауға ешқандай комиссия жоқ. Сонымен қатар аударым саны мен оны кәдімгі ақшаға айналдырып шығарып алуға да шектеу жоқ. Алдағы уақытта бұл қызмет өзге елдердің де қолданушыларына қолжетімді болмақ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через