фото: food.obozrevatel.com
Burger King Үндістандағы мейрамханаларындағы гамбургерлердегі қызанақты осы көкөніс бағасының күрт өсуіне байланысты алып тастауға мәжбүр екенін мәлімдеді.
Burger King бұл шешімді қызанақ сапасы мен жеткізудің кқиындығымен байланыстырды. Осы уақытқа дейін бұл ингредиентті өз мәзірінен McDonald's те алып тастаған болатын.
Мамандар ауа райының қолайсыздығынан базарда көкөніс тапшылығы орын алғанын айтады.
«Үндістандағы азық-түлік инфляциясы 2020 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары деңгейге жеткендіктен, осы аптаның басында АҚШ-тың тағы бір фаст-фуд желісі Subway де өз мәзірінен қызанақты алып тастады», - деп хабарлады Reuters.
Үндістанда соңғы айларда негізгі тауарлардың бағасы күрт өсті. Шілде айында муссондық жаңбыр егін жеткізу тізбегін үзгендіктен қызанақтың бір келісінің бағасы 250 рупийге (3 доллар немесе 2,37 фунт) жетті.
Содан бері қызанақ бағасы төмендеді, бірақ осы айдың басында Үндістан жеткізілім дағдарысымен күресу үшін көрші Непалдан қызанақ импорттай бастады.
Бүгінде Үндістандағы қызанақ ел астанасы Делиде және Раджастхан мен Уттар-Прадештің солтүстік штаттарында килограммы 50 рупийден сатылады.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через