Түркия туристер үшін "тұру салығын" енгізеді

Түркия туристер үшін "тұру салығын" енгізеді

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркияда "тұру салығын" енгізу туралы заң күшіне енеді. Бұл туралы ақпарат Түркия Республикасының Қаржы және қазынашылық министрлігінде ресми расталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz

"Тұруға салынатын салық" - қонақүйлер аумағында сатылатын барлық қызметтен 2 пайыз мөлшерінде салық түрінде қосымша ақы алынады.  Заң жобасына сәйкес мөлшерлеме белгілі бір аймақ билігінің қалауы бойынша өзгеруі мүмкін. Қонақүйлердің, курорттық кешендердің, апарт-қонақүйлердің және басқалардың аумағында сатылатын тұруды қоса алғанда, барлық қызметтен ақы алынады.

Әзірге туристерден ақы қалай алынатыны туралы толық ақпарат берілмей отыр.  

Нарық қатысушылары түсіністік тудырмас үшіг алым мөлшерлемесін туристік пакеттердің бағасына қосқан дұрыс деп отыр.  

Фото: tourism.interfax.ru