"Титаниктен" бес есе үлкен. Әлемдегі ең үлкен жолаушылар лайнері теңізге шығуға дайындалып жатыр

"Титаниктен" бес есе үлкен. Әлемдегі ең үлкен жолаушылар лайнері теңізге шығуға дайындалып жатыр
фото:    Tengritravel.kz

       Әлемдегі ең үлкен круиз лайнері Icon of the Seas ("Теңіз иконасы") келер жылдың қаңтарында теңізге шығады.

       Forbes басылымы алып жолаушылар лайнері Royal Caribbean International компаниясына тиесілі екенін хабарлады. Оның ұзындығы 365 метр, салмағы - 250 мың тонна, ал бортына 5610 жолаушы және 2350 қызмет көрсетуші персонал сыяды. Оның үлкендігі соншалық - әйгілі "Титаниктен" бес есе ауыр.

       "Теңіз иконасына" дейін әлемдегі ең үлкен круиз лайнері сол Royal Caribbean компаниясына тиесілі Wonder of the Seas кемесі болатын. Егер оларды салыстыратын болсақ, "Икона" 15 тоннаға ауыр және 3 метрге ұзын. Жаңа кеме экологиялық таза табиғи сұйық газбен жүретін болады. Кемені 2021 жылы құрастыра бастаған, ал 26 қазанда суға түсіріледі деп жоспарланған.

       Рекордсмен-лайнердің жолаушыларының іші пыспасы анық: оларға 40-тан аса көңіл көтеру қызметі ұсынылады. Алып кеменің басты "фишкасы" - алты сырғанағы бар үлкен теңіз аквапаркінің болуы, 7 бассейн оның барлығы теңіз суымен, сондай-ақ 9 джакузи бар. Сонымен қатар, кемеде бес қабатты аспан астындағы "Орталық саябақ" бар, 16 метрлік сарқырама, "мұзды арал" және "экстрималдарға арналған арал" болады. Жолаушылар 22 лифт арқылы қатынайды, кинотеатр, ойын-сауық және сауда орталығы, казино, фитнес-орталық, мини-гольф аймағы және скалодром туристерді күтеді.

       Жолы болғандар кеменің 20 палубасында және әр жасқа бөлінген 8 демалыс аймағында серуендей алады. Жалпы лайнерде баға саясатының 28 түрі болады. Ең арзаны - 1,5 мың доллардан басталатын (шамамен 665 мың теңге) нұсқаларды сауда ашылғаннан үш күн ішінде сатылып кеткен, енді тек бақуаттыларға арналған орындар қалған, оның бағасы 10 800 доллар (шамамен 4,8 миллион теңге)

       Лайнермен Майамиден шығып Кариб теңізінің шығыс және батыс бөліктерімен жүзуге болады. 7 күндік тур кезінде аралға бару қарастырылған.

       Tengritravel.kz