Дүниежүзілік тоқыма өнеркәсібіндегі дағдарысқа байланысты киім қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Euronews-тің Португалиядағы тілшісі. Оның айтуынша киім өндіруші Европалық кәсіпорындар тақырға отырып, бұл саладан нәпәқасын айырып жүргендер жұмыссыз қалуы мүмкін.
Қытайдан шикізат жеткізу құны он есе қымбаттады.Сонымен қатар жеткізу уақыты екі, үш кейде тіпті төрт айға дейін созылады. Біз тауарымыздың қайда екенін және қашан қолымызға тиетінін білмейміз деп дабыл қағуда партугалдық кәсіпкерлер
Португалдық фабрикалар осы жазда электро энергиясы үшін өткен жаздың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүздеген мың евроға артық ақы төлеуге мәжбүр болды. Сектор үшін қажет мақта соңғы 12 айда 70 пайыздан астамға қымбаттады. Орамал, сүлгі өндірісіне қажетті барлық шикізат қымбаттады. Үкімет салықтарды азайтуы керек. Әйтпесе біз қиын дағдарысқа тап боламыз.Ақырында кәсіпорындары жабуымызға тура келеді дейді кәсіпкерлер. Тоқыма фабрикаларының иелерінің айтуынша танымал брендтер үшін Португалияда өндірілген үйге арналған тоқыма заттар және люкс санатындағы киім-кешектің тұтыну бағасының өсетіні сөзсіз деп аяқтайды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через