Тегін алған 10 сотық жер үй салуға жарамсыз болса, қайтадан кезекке тұруға бола ма?

Тегін алған 10 сотық жер үй салуға жарамсыз болса, қайтадан кезекке тұруға бола ма?
фото: ttps://alashainasy.kz

Тегін алған 10 сотық жер үй салуға жарамсыз болса, қайтадан кезекке тұруға бола ма?

Мемлекеттен жеке тұрғын үй салу үшін тегін алған 10 сотық жер үй салуға жарамсыз болса, қайта кезекке тұруға болады.

Кезегі жетіп, жеке тұрғын үй салуға жер телімін алғанымен, ол аумақ құрылысқа жарамсыз болып шыққан тұрғындар не істей алады? Мұндай жағдайға тап болған азаматтарға не істеу керегін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов түсіндірді.

"Ондай жағдайда сіз жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін берілген жер учаскесінен бас тартып, қайтадан кезекке тұра аласыз", - деп жауап берді ол.

Ведомство басшысы жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер кезегінің сақталуын қай орган қадағалайтынын да түсіндірді.

"Жергілікті атқарушы органдар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға арналған кезек тізімі туралы ақпаратты тоқсан сайын кемінде бір рет арнайы ақпараттық стендте және бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялауға міндетті", - деп жазады Мұрат Теміржанов.

Аталмыш ведомствоның мәліметі бойынша, бұрын 10 сотық жерді біреуден сатып алғандар да тегін жер кезегіне тұра алады.

 


Мәтіндегі ақпарат туралы