фото: https://pixabay.com/ru/
Өткен аптада Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы криосфера өзгерістеріне бейімделуге арналған өңірлік семинары болып өтті.
Климаттың өзгеруі қазіргі кезде жер шарындағы басты проблемалардың бірі болып отыр. Бүгінгі таңда табиғи құбылыстар Орталық Азияның әрбір өңірі үшін анағұрлым күрделі қатерге айналды. Әлемдік мамандар бас қосқан аталмыш жиында табиғи апаттардан туындайтын салдарлар, ауа-райындағы өзгерістер және экологиялық проблемалар туралы өзекті мәселе қозғалды. ЮНЕСКО-ның деректеріне сәйкес, Дүниежүзілік мұрагерлік тізіміне енгізілген ормандардың 50% астамы, сондай-ақ көгілдір көміртектің ең маңызды қоймалары болып табылатын теңіз объектілерінің үштен екі бөлігі қауіпті жағдайда тұр. Жер қабатының құрғап кетуі, орман өрттері, су басулар мен дауылдар — барлық осы құбылыстар ауа-райы өзгерістерінің салдары болып табылады.
БҰҰДБ арқылы ЖЭҚ қаржыландыратын және ЮНЕСКО іске асыратын «Ауа-райының өзгеруіне тұрақты дамудың және бейімделудің кешенді әдістерін әзірлеу үшін нивал-гляциал жүйелерін бағалаудағы өңірлік ынтымақтастық арқылы Орталық Азия елдерінің тұрақтылығын күшейту» жаңа өңірлік жобасы Орталық Азиядағы ең маңызды экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған. Жоба өңірлік сумен жабдықтауды және тұрақтылықты қолдауға арналған қарлы, мұздықты және мәңгі тоңды жүйелердің маңыздылығына назарға алады. Орталық Азияның ауыл шаруашылықта және энергетикада осы сумен жабдықтау жүйелеріне тәуелді болуы оларды сақтау қажеттілігін көрсетеді. Жоба Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған, өйткені ауа-райының өзгерістері мен олардың су ресурстарына әсері криосфера туралы деректерді және әзірленген іс-әрекет жасау жоспарларын пайдаланумен, өңір елдерінің тұрақтылығын күшейту үшін біріге күш жұмсауды талап ететін трансшекаралық проблемалар болып табылады.
«Су тұрақты даму барысында, соның ішінде қоршаған ортаны сақтауда, кедейлікпен және аштықпен күресуде негізгі рөл ойнайды, сондай-ақ адамның денсаулығы мен игілігі үшін таптырмайтын нәрсе», — деп БҰҰ Бас ассамблеясы атап көрсетті.
Семинарға Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның ұлттық өкілдері, криосфера зерттеулері жөніндегі халықаралық сарапшылар, деректерді басқару және саясат жөніндегі мамандар, сондай-ақ гидрометорталығының өкілдері қатысты. Жобаның мақсаты криосфераның жай-күйін бағалау және мониторинг жасау, су ресурстарын тұрақты басқарудың кешенді әдістерін әзірлеу жйәне өзгеріп жатқан климаттың салдарын жеңу үшін бейімді стратегиялар қалыптастыру болып табылады. Семинар криосфера мониторингі және деректерді басқаруда тиімді өңірлік ынтымақтастық үшін негіз қалауға бағытталған, бұл сенімді ұлттық іс-қимылдар жоспарын әзірлеуге және криосферадағы болашақ өзгерістердің ақпараттық жоспарлы жүргізуге мүмкіндік береді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через