фото: stylishbag.ru
Британ және чех ғалымдары болашақта сыра құрамы өзгеріп, қымбаттай түседі деген қорытындыға келді. Оған себеп - жаһандық жылыну.
Жаһандық жылыну миллиондаған адамның сүйікті сусынына да әсер етуі мүмкін.
Өйткені шамадан тыс жылы ауа райы сыра құрамындағы альфа қышқылдарының құрамына кері әсер етеді.
Ал бұл қышқыл сыраға тән хош иіс пен ащы дәм береді.
Чехия ғылым академиясы мен Кембридж университетінің бір топ ғалымдары өткен жылдардағы метеорологиялық деректерді Германия, Чехия және Словакия егістіктерінде өсірілген құлмақ түйіндеріндегі альфа қышқылының сәйкес пайызымен салыстыра отырып қорытынды жасады.
Жағдай осылай жалғаса берсе, 2050 жылға қарай құлмақтың өнімділігі 18%-ға, ал альфа қышқылдарының құрамы 30 пайызға төмендеуі мүмкін.
Құлмақ құрамы құрғай түскендіктен сыраның дәмі қазіргідей жақсы болмауы және қымбаттай түсуі мүмкін.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через