Бүгінгі таңда Қытайдан басқа, вакцина БАӘ мен Сербияда өндіруге мақұлданды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Sinopharm Қытай вакцинасы туралы ақпарат таратты, деп жазады baq.kz. Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын GMP және GDP барлық стандарттарын, сондай-ақ «суық тізбекті» сақтай отырып жүзеге асырады. Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады. Синофарм Қытай вакцинасын ДДСҰ 2021 жылдың 7 мамырында қолдануға мақұлдады. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі - 24 ай. Шілдеде Қытайдың Sinopharm компаниясының COVID-19 вакцинасы COVAX вакциналар банкіне кірді. Вакциналар мен иммундаудың жаһандық альянсы (GAVI) қытайлық Sinopharm компаниясымен келісім жасайтындығын жариялады. Бұл ДДСҰ қауіпсіз және тиімді деп жіктеген алғашқы қытай препараты, 45 елде ересектерге вакцинациялауға рұқсат етілген. "Бүгінгі таңда Қытайдан басқа, вакцина БАӘ мен Сербияда өндіруге мақұлданды. Сонымен бірге, Қытай мен БАӘ Қытайдың Sinopharm фармакологиялық компаниясының белсенді емес вакцинасын 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануды мақұлдады", - делінген хабарламада.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через